2 мамыр 2024 979

Жарияланымдар үшін сыйақы алуға өтінімдер қазір ашық

Жарияланымдар үшін сыйақы алуға өтінімдер қазір ашық

Стратегиялық даму департаментінің Институционалдық және ғылыми метриялық зерттеулер бөлімі 029-04 01.3.03-2021 Ережесіне сәйкес жоғары рейтингті журналдарда жарияланғаны үшін сыйақы алуға кезекті өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Осы Ереженің негізгі міндеті университет қызметкерлерін жарияланымдық белсенділікке ынталандыру, сондай-ақ жарияланым сапасының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізген мақала авторларын ынталандыру болып табылады.

  • Өтінімдер тек Microsoft Forms нысанын толтыру және электронды өтінімге,  өтінім берушінің қолы қойылған қосымшаның скан-көшірмесін жүктеу арқылы электронды түрде қабылданады.
  • 2023 жылдың 2-ші жартысында және 2024 жылдың 1-ші жартысында Scopus және/немесе Web of Science дерекқорларында жарияланған жарияланымдар қарастыруға қабылданады.
  • Осыған дейін сыйақы алған жарияланымдар қарастыруға алынбайды.
  • Ғылыми жобалар қаражаты есебінен жарияланған ғылыми материалдар (ГҚ, МҚБ) "Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ" КЕАҚ профессор – оқытушылар құрамының тиімділігінің негізгі көрсеткіштері туралы ережеге (KPI) сәйкес сыйақыға жатады және осы ереже шеңберінде қаралмайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2 мамыр 2024 ж. Өтінімдерді  қабылдаудың соңғы мерзімі – 24 мамыр 2024 ж (қоса алғанда).

Барлық сұрақтар бойынша Стратегиялық даму департаментінің Институционалдық және ғылыми метриялық зерттеулер бөліміне хабарлассаңыз болады: Мұнай ғимараты, 610 каб., ішкі.тел.72-23.

029-04 01.3.03-2021 Ережесі

Өтініш формасын жүктеп алыңыз

Өтініш беру

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту