2 мамыр 2024 1154

Үздік сәулет жобасы үшін I дәрежелі халықаралық дипломды Satbayev University жас оқытушысы алды

Үздік сәулет жобасы үшін I дәрежелі халықаралық дипломды Satbayev University жас оқытушысы алды

Satbayev University «Сәулет» кафедрасының оқытушысы Төлеп Алмас 2023 жылдың күзінен бастап үздік жобаға арналған X Халықаралық кәсіби конкурсқа қатысты. Байқауды жыл сайын Ресейдің архитекторлармен мен дизайнерлердің ұлттық бірлестігі (НОПРИЗ) өткізеді.

Нәтижесінде Төлеп Алмас студенттер мен жас сәулетшілер санатындағы «Спорт және денсаулық сақтау объектілерін қоса алғанда, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың үздік жобасы» номинациясы бойынша Қызылорда қаласы үшін қазіргі заманауи өнер мұражайының сәулет жобасы үшін I дәрежелі дипломымен марапатталды.

Ресми хабарландыру және дипломдарды тапсыру 2024 жылдың 25 сәуірінде Мәскеу қаласындағы «Радиссон Славянская» қонақ үйінің «Чайковский» залында өтті. Жеңімпаздарға дипломдарды Архитекторлармен мен жобалаушылардың Ұлттық бірлестігінің президенті, Ресей Федерациясының I дәрижедегі  Мемлекеттік кеңесшісі, сәулетші А. Ш. Шамузафаров табыс етті.

Лауреатымызды құттықтаймыз және оған жаңа шығармашылық табыс тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту